Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДӘРІПТЕРІМ – ДӘСТҮРЛІ ӘН

20 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ДӘРІПТЕРІМ – ДӘСТҮРЛІ ӘН
WhatsAppTelegramFacebook

Мағжан Разхан 2004 жылы дүниеге келген. Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында тұрады. Кішкентай кезінен ән айтады. Мағжанның талантын байқаған ата-анасы оны Текес ауылындағы өнер мектебіне оқуға беріпті. Бүгінде Талдықорғандағы Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжіне оқитын ол республикалық түрлі байқаулардың жеңімпазы. Бізге жас өнерпазбен әңгімелесудің сәті түсті.

– Мектеп табалдырығын 8 жасымда аттадым. Бастауышта оқып жүріп, өлеңді мәнерлеп оқу сайыстарына жиі қатыстым. Мұқағали Мақатаевтың кітабы қолымнан түспейтін. Әр өлеңін жаттап алуға тырыстым. Кейін музыкаға қабілетімді, дауыс ырғағымды көрген мұғалімдерім ән айтуға баулыды. 4-сыныпта өнер мектебіне оқуға қабылдандым. Ұстазым – Клара Иманғазиевадан дәстүрлі әннен сабақ алдым, – дейді Мағжан.

Дарынды бала өнер мектебінде дәстүрлі әнмен шектелмеді. Эстрадалық вокал, шешендік өнерді де үйренеді. Домбырада шебер ойнайды. Ауыл тұрғындары Мағжанның актерлік қабілетін де ерекше бағалайды.

 – «Ұлағатты ұрпақ» қоры елге белгілі тұлғаларды жыл сайын ауылға әкеледі. Тұрғындармен әңгімелеседі. Мектеп оқушыларының өнерін тамашалайды. Біздің кездесуге актер Бекжан Тұрыс ұлымен келді. Өнер мектебінің балалары көрініс қойды, мен «Ұят болмасын» бағдарламасындағы Ақылбай қарттың рөлін ойнадым. Сол кештен соң Бекжан аға «бұл жеткіншектің болашағынан үлкен үміт күтемін» деп арқамнан қағып, жылы пікірін айтты, — дейді ол.

Мағжан дәстүрлі ән, көркемсөз оқу байқауларына үнемі қатысады. Ақын Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығында ұйымдастырылған байқауда екі номинация бойынша бас жүлдеге ие болды. Ол ақынның 80-нен аса өлеңін жатқа біледі.

– Республикалық «Нұрлы жастар» байқауында дәстүрлі ән айтып, бірінші орын алдым. Ал «Дала сазы» байқауында көркем сөз оқудан бас жүлдені иелендім. «Ұлы дала мұрасы» атты өнер сайысында да бас жүлде бұйырды. Бұл жетістіктерімнің барлығына ата-анам мен ұстаздарым себепші. Олардың қолдауы мен үшін өте маңызды, – дейді жас әнші.

Мағжан көркемсөз оқу сайысында өлеңді мәнерлеп оқуға, ерекше мән береді. Айтуынша, автордың айтқысы келген ойын тыңдарманға жеткізе білу керек.

– Қанша байқау болса да жүлделі орыннан міндетті түрде көріну деген оймен қатыспаймын. Басты мақсатым – жүректен шыққан әнді жүрекке жеткізу. Қазақ халқының дәстүрлі әндері дүниежүзіне танымал болса деп армандаймын. Ол ешқашан эстраданың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Онда халықтың тарихы, қуанышы мен қайғысы, еркіндігі мен кеңдігі жатыр. Дәстүрлі әннің бәрін нақышына келтіріп орындаймын. Оның ішінде Қапездің «Үш Меркі», Кенен Әзірбаевтың «Бастау» әні, Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» термесі жаныма жақын. Көп жас эстрада жанрына, оның ішінде рок, поп, рэпке қызығады. Сол арқылы тез танымал болғысы келеді. Дәстүрлі әнші болып та танымал болуға болады. Бастысы ұлттық мұраны қадірлеп, құрмет тұтып, айналаңа дұрыс насихаттай білу, – дейді Мағжан.

Гүлім ЕРКІНБЕК

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.