Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫМЕН ЖАНДАНА ТҮСТІ

25 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫМЕН ЖАНДАНА ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Ұлыстың Ұлы күнін Алматы облысы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдасының басты он бағытын негізге ала отырып атап өтті. Соның ішінде қайырымдылық шараларына басымдық берілді. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәселен, облыстық іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен мереке қарсаңында 250 отбасына 1 млн.теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, қарттарға азық-түлік себеті, бірінші кезектегі қажетті тауарлар, сол сияқты қаржылай көмек берілді.

Талғар аудандық іскер әйелдер кеңесі құны 309,6 мың теңге болатын азық-түлікті 22 отбасыға жеткізіп берді. Кеген ауданындағы кәсіпкер, «Қалиева» ЖК директоры Манат Қалиев 160 мың теңгеге 7 отбасына көмек етті. Сарқан, Жамбыл, Алакөл аудандарында әлеуметтік қолдау шараларында 55 отбасы қамтылды. Мереке күндері Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ақсу аудандарының, Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының іскер әйелдері өз өңірлерінің тұрғындарына қол ұшын созды.

Алматы облысының іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықованың айтуынша, облыстың әрбір аудан, қаласында қайырымдылық шаралары тұрақты түрде көрсетіледі. Азық-түлік және басқа да қажеттіліктермен қамтылуына көмектесу үшін ауылдық округтерде кәсіпкер әйелдер көп балалы отбасыларын қамқорлыққа алған.

Қайырымдылық шараларына өңір жастары да белсене атсалысуда. Мысалы, қайырымдылық жасау күндерінің аясында жастар реустары орталықтары «30 отбасыға – 30 қайырымдылық іс» акциясын ұйымдастырып, қаладағы 30 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға, қарттарға азық-түлік берді, сол сияқты 2 отбасының балаларына планшеттер сыйға тартылды.  

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметіне қарағанда, барлық мемлекеттік мекемелер «Наурыз мейірімі», «Аялы алақан», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары бойынша өздерінде жұмыс істеген ардагерлерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қайырымдылық шараларын өткізіп жатыр.

Атап айтар болсақ, Талдықорған қаласында «Халық» қорынан 165, «Салиқалы ұрпақ» қорынан 50 отбасына және барлық қоғамдық ұйымдардың демеушілігімен 500-ден аса отбасына әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Сол сияқты барлық аудан, қалаларда тазалық айлықтары ұйымдастырылып жатыр. «Ең таза аула», «Ең таза подьезд», «Ең таза көше» байқаулары өтіп, елді мекендер ұлттық мерекеге орай безендірілді. Сонымен қатар, 11 наурыз күні Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен Б.Римова атындағы драма театры әртістерінің қатысуымен Көрісу күніне орай телевизиялық концерттің арнайы түсірілімі жасалып, көрерменге ұсынылды.

«Жетісу келіндері орталығы» облыстық қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен, «Жетісудың үздік келіні — 2021» байқауы өткізілді. Онлайн форматта өткен іріктеуге 80 жас келін қатысқан. Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсету, отбасы құндылықтарының, мәдени дәстүрлеріміздің және ұрпақтар сабақтастығының маңызын арттыру.

Облыста Наурызға мерекесі аясында осындай мазмұнды шаралар мен қайырымдылық істері жалғаса бермек.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.