Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАН ӘКІМДІГІ: БІРІНЕН КЕЙІН БІРІ ЖАЛҒАСҚАН ҰЯТТЫ ЖАҒДАЙЛАР

16 наурыз 2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӘКІМДІГІ: БІРІНЕН КЕЙІН БІРІ ЖАЛҒАСҚАН ҰЯТТЫ ЖАҒДАЙЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Бірнеше күннен бері Талдықорған қаласы әкімдігіне қатысты ұятты жағдай бірінен кейін бірі жалғасты. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Атап айтқанда, қазақтың белгілі ақындары Ғали Орманов пен Жұматай Жақыпбаевты ажырата алмай, бір масқара болса, екіншісі әкімдік қызметкерлерінің карантиндік шектеулерге қарамастан түн ішінде тойлатуы, оның арты жанжалға ұласып, бірнеше қызметкердің бейнекамераға түсіп қалуы, шенеуніктің көшеде әйелін ұруы «жығылған үстіне жұдырық» болды.

Атышулы оқиға Талдықорған қаласының жергілікті блогері Қайрат Әбдірахманның бейнежазбасынан кейін басталды. Ол таратқан бейнематериал желіде қызу талқыланумен шектеліп қалмай, құзырлы мекемелердің ықпалымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, ішімдік ішіп, қызметтік көлік жүргізген Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің басшысы жұмыстан қуылды. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова «қатаң сөгіс» алды.

Естеріңізге сала кетейік, көптің жағасын ұстатқан оқиға былай болған: Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің басшысының көшенің қақ ортасында әйелін ұрып тұрғаны бейнежазбаға түсіп қалады. Ол аздай шенеунік ішімдік ішкен күйінде қызметтік көлікті жүргізіп, полицейлерге ұсталады. Артынан белгілі болғанындай, қалалық әкімдіктің бірнеше қызметкері бас қосып, қоғамдық орындардың бірінде отырған. Соңы дауға ұласқан.

Түнгі 24:00-01.00 шамасында түсірілген видео бойынша Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілі Нұр Қанатұлы пікір білдірді.

— Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С.Арзанбековаға өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы М.Нұрғалиев жұмыстан босатылды. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Н.Қалиахметовке өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін «қызметке толық сәйкес еместігі» түріндегі тәртіптік жаза, «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары А.Пенге тәртіптік жаза қолданылды, — делінген Талдықорған қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.