Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТЕРІДЕН ЖАСАЛҒАН СӨМКЕ

29 маусым 2022
РУХАНИЯТ
ТЕРІДЕН ЖАСАЛҒАН СӨМКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», дейді аталы сөзге тоқтай білген қазақ. Бүгінде белгілі бір кәсіппен айналысып, ел дамуына күш салып жүрген жандарды көргенде қуанасың. Солардың ішінде шағын және орта кәсіпте шаруасын дөңгелетіп, ерекше қырынан танылып жүрген қыз-келіншектер аз емес.

Ауыз толтырып айтуға оңай болғанымен кәсіп ашып,  одан әрі дамытып әкету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, қандай да бір істі бастағанда кедергілер мен қиындықтарға тап болатының рас. Сондықтан оған ептілік, үлкен сабырлылық және білім-біліктілік қажет. Сонда ғана ойға алғандарды жүзеге асырып, мақсат-армандарға жетуге болады. Қазір аймақта көптеген кәсіпкер мемлекет қолдауымен бизнесін кеңейтіп, жұмыстарын жандандыруда. Мұндай іскерлер әр өңірде бар. Солардың бірі «7 элемент» деп аталатын жеке кәсіп иесі Мадина Камалдинова.

Бүгінде өз ісінің шебері атанып, кәсіпті нәсіп еткен келіншектің бизнеспен шұғылданғанына алты жыл. Осы уақыт ішінде тігін ісін жандандырған кәсіпкердің жұмысын көру үшін арнайы бардық. Бізді қарсы алған кәсіпкер қала ортасынан орын тепкен шағын цехтың қазіргі тыныс-тіршілігін көрсетті. Қыз-келіншектерге арналған сөмкелердің түр-түсі көз тартады. Байқағанымыздай, сапасы да сын көтереді. Соған қарай бағасы да жоғары, 30-50 мың төңірегінде. Тігіншілер де жас. Цехта 5 адам жұмыспен қамтылған. Олар өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруда. Шикізат Ресейдікі, өзге шет мемлекеттерден де әкелінеді. Бүгінде айына 80 сөмке шығарылады.     

– Қол сөмкені әуеліде жай матадан тіктім. Сөйтіп, дайын өнімдерімді саттым. Бірте-бірте тапсырыс көбейіп, тұтынушылар оны таза теріден тігуімді сұрады. Өтініштерін қуана қабыл алдым. Алдымен жан-жақты іздендім, әсіресе ғаламтордың пайдасы көп тиді. Онлайн оқудан өтіп, грантқа тігін машинасын сатып алдым. Жұмысым осылайша жанданды. Өнімдеріміз интернет-дүкендер арқылы саудаланады,– дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, кәсіпкер тәжірибеден өту үшін оқу бітірген жастардың көп келетінін, тігіншілер оларға бар білгенін үйретіп, жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізетінін, бизнеспен айналысуға отбасының қолдау көрсететінін және алдағы уақытта бизнесінің керегесін кеңейтуді ойға алғанын әңгімеледі.   

Айгүл Байбосынова
Қонаев қаласы
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.