Талдықорған: +21°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

23.04.2026
РУХАНИЯТ
Ұлт тарихын көтерген ұлы есім
WhatsAppTelegramFacebook

Сарқан ауданына қарасты Қарғалы ауылында елдік рухты жаңғыртқан, тарих пен тағдырды сабақтастырған мазмұнды іс-шара өтті. «Мұхамеджан Тынышбаевтың Мұрасы» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл жиында ұлт жадындағы ірі тұлғаның мұрасы дәріптеліп, елдік пен ерліктің мәні айшықталды. Тағылымды басқосуда өрелі әңгіме айтылып, өткен тарихтан сыр шертілді. 

Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, мемлекетшіл ойдың биік үлгісін көрсеткен қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері әрі терең білімді тарихшы ғалым еді. Оның сан қырлы тұлғасы бүгінгі ұрпақ үшін өнеге мектебі іспетті екені даусыз.

Шара М. Тынышбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Заманында біртуар азаматты көпшілік үнсіздікпен еске алды. Артынша ауыл мектебіндегі мұражайда өткен танымдық экскурсияда ардагер ұстаз Амангелді Қыстаубаев қонақтарға аталған тұлғаның өмір жолынан сыр шертіп, тарихи деректер тінін тарқатты.
Негізгі бөлім мектептің акт залында жалғасып, жиын тізгінін ұстаған Сарқан газетінің бас редакторы, ауданның Құрметті азаматы Жомарт Игіман сөздің тиегін ағытты. Ол өз сөзінде ұлттың ұлы тұлғаларын ұлықтау өткенге тағзым ғана емес, келешекке бағдар екенін айта келе мұндай жиындардың жас буынның тарихи санасын қалыптастырудағы маңызына тоқталды. Әлем ғұламаларының нақыл сөздерін әңгімесіне тұздық ете отырып, конференцияға арнайы келген қонақтарға сөз берді.

Алғаш болып кезек алған Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев шараның мән-маңызын кеңінен тарқатып, Тынышбаев сынды тұлғалар ұлттың темірқазығы екенін атап өтті. Оның айтуынша, осындай тағылымды кездесулер қоғамның рухани деңгейін көтеріп қана қоймай, елдік сананы бекемдей түседі.

Конференцияда сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, академик Ерлан Арын Алаш идеясының өміршеңдігіне ерекше тоқталып:

– Алаш арыстарының арманы тәуелсіз, білімді, өркениетті ел болу еді. Бүгінгі Қазақстан сол арманның жалғасы. Ендеше біз сол сенімге селкеу түсірмеуіміз керек, – деп тарихи сабақтастықтың маңызын айқындады.

Жиында ерекше толқыныс тудырған сәттердің бірі Тынышбаевтың немересі Елена Тынышбаеваның естелігі болды. Ол әулет тағдыры арқылы тұлғаның адами болмысын ашып көрсетіп, атасының қайсарлығы мен елге деген адалдығы ұрпаққа рух беретінін тебірене жеткізді. Сонымен қатар, шындық үшін күрес жолында әкесі

Ескендірдің де ерлік істерін тілге тиек етті. Бұл айтылған ойдың бәрі тек тарихи дерек емес, жүрекпен сезінетін құндылық екенін аңғартты.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Жүгенбаева М. Тынышбаевтың ғылыми мұрасына тоқталып, оның еңбектері ұлттық тарихты жүйелеудегі алғашқы іргелі қадамдардың бірі екенін атап өтті.

– Мұхамеджан Тынышбаевты 30 жылдан бері зерттеп келемін. Ол кісінің мұралары орыс, ағылшын тілдерінде жарық көріп, сақталды. Біздің бабамыздың еңбегін әуелі шетелдік ғалымдар мойындады. Ол түркі әлемінен шыққан феномен. Оның артына патша заманынан бастап тыңшы қойылған. «Космос, жер, ортасында түркілер» деп аталатын философияны тарихтың методологиясына негіздеген Мұхамеджан Тынышбаев еді. Жалпы ол кісінің білім деңгейінен патша үкіметі де, басқалар да тайсалған, – дейді Гүлбану Саламадинқызы.

Ал техника ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Әшірбаев тұлғаның инженерлік қырын айқындап, оның елдің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесін нақты мысалдармен жеткізді.

– «Мұхамеджан Тынышбаевтың Мұрасы» қоғамдық қорын құрудағы мақсатымыз – атамыздың алда келе жатқан 150 жылдық мерейтойына дейін 50 игі іс істеу. Атамыздың дәрежесіне сай ауқымды түрде мерейтойын атап өтсек деген ниетіміз бар. Сондықтан да осы игі бастаманы Мұхамеджан Тынышбаевтың туған жері Қарғалы ауылынан бастауды жөн санадық. Осы қордың құрылуын ғалымдар, тарихшылар, жазушылар болып бәрі дерлік қолдады. Жұрт болып жұмылып атсалысып жүрген жандарға алғаусыз алғысымды білдіремін, – деді конференция соңында сөз алған қор президенті Саят Есімханов.

Мұхамеджан Тынышбаевтың мұрасы өткеннің еншісінде қалған дүние емес. Ол бүгінгі мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Осындай рухани кездесулер арқылы ұлттың тарихи санасы жаңғырып, елдік мұраттар ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жетері айқын.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

23.04.2026
Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

23.04.2026
Әкеге қарап өскен ұл

Әкеге қарап өскен ұл

23.04.2026
Алименттен қашқан әке көп

Алименттен қашқан әке көп

23.04.2026
Қырық түп жеміс ағашы егілді

Қырық түп жеміс ағашы егілді

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.