Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАРТЫ ҒАСЫР ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН ЕСКІ МЕКТЕП. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАУАП ҚАТТЫ

10 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
ЖАРТЫ ҒАСЫР ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН ЕСКІ МЕКТЕП. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАУАП ҚАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу» газетінің 2022 жылғы 31 наурыз, бейсенбі күнгі, №36 (19031) санында журналист Болат Мәжиттің «Ескерусіз қалған ескі мектеп» атты мақаласы жарық көрген болатын. Онда 47 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген мектептің жайы, ауыл жұртының жанайқайы сөз етілген. Аталған мақала газет сайтында да (үстінен басыңыз) жарияланды.

«Оқушылдардың көптігінен мектептің іші тарылған. Тақтай едендер, ағаш есіктер мен терезелер әбден тозған. Шірудің аз алдында. Бөлмелер жылымайды. Қыстай жағылған от босқа кетеді. Оқушылар бүрсеңдеп, мұғалімдер қолын үрлеп, берекесі қашады. Бұдан кейінгі сабақта не мән бар?» — делінген мақалада.

Осыған орай «Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ орта мектебіндегі мәселені шешу үшін қандай іс-шаралар қолға алынуда? Мектепті күрделі жөндеуден өткізу немесе осы ауылға жаңа мектеп салу жоспарда қарастырылған ба?» деген сауалды облыстық білім басқармасына жіберген едік.

Аталмыш хатқа білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова төмендегідей жауап берді:

«Басқарма тарапынан Қ.Ұлтарақов атындағы ауылдың Масақ орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжатын дайындау үшін сәуір айында өткен мәслихат сессиясында 8,8 млн.теңге бөлу туралы ұсыныс қаралып, қолдау тапты. Ендігі кезекте күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаты дайындалады. Келер жылы Масақ орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін болады».

Демек, бұл мәселе  басқарма тарапынан қолға алынды. Қ.Ұлтарақов атындағы ауыл оқушыларының жаңарған мектепте білім алатын күні алыс емес.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.