Талдықорған: +35°C
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәскеде саумал, бесінде қымыз сапырған

04.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сәскеде саумал, бесінде қымыз сапырған
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыз: «Мал баққанға бітеді» дейді. Ел ырысын еселеп, ата кәсіпті ардақ тұтқан іргелі шаруашылықтың бірі – Талдықорған қаласының 1-бөлімшесінде орналасқан «Матаев» шаруа қожалығы. Жиырма бес жылдан бері тынымсыз тірлікпен айналысып келе жатқан аймақтың агроөнеркәсіп саласына өзіндік өрнегін салып, тұрғындарды табиғи ет өнімдерімен және ұлттық сусын – қымызбен қамтамасыз етіп келеді.

2000 жылы негізі қаланған шаруашылықтың тізгінін Қайрат Матаев ұстап отыр. Ал күнделікті өндірістік жұмыстарды отбасы мүшелері бірлесе атқарады. Бұл – атадан балаға жалғасқан еңбек мектебінің, ынтымақ пен бірліктің жарқын көрінісі. Мұнда әркім өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, ортақ істің өркендеуіне үлес қосады.
Бүгінде қожалықтың өндірістік қуаты жылына 1000 тоннаға дейін ет, 25 мың литрге дейін қымыз өндіруге жетеді. Он азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шаруашылықта жиырмаға жуық бие сауылады. Заманауи сауу құрылғыларының көмегімен күніне төрт-бес мәрте сауу жүргізіледі. Әр биеден тәулігіне төрт-бес литрге дейін саумал алынады. Қымыздың бабын келтіру ісіне кәсіпкердің атасы Замантай Матаев тікелей басшылық жасап, жылдар бойы жинаған тәжірибесін кейінгі буынға үйретіп келеді.

Қожалықта ет бағытындағы ірі қараны бордақылауға ерекше мән берілген. Әулиекөл, қазақтың ақбас сиыры, қалмақ тұқымы және өзге де етті бағыттағы асыл тұқымды сиыр өсіріліп, сапалы өнім өндіруге басымдық берілген. Мал күтімі, жем-шөбі, ветеринарлық бақылауы – бәрі де талапқа сай ұйымдастырылған.
Шаруашылықтың жұмысын үйлестіріп жүрген Аркен Қайратов бұл істің табысы бірлік пен табанды еңбектің арқасы екенін айтады.

– Бұл – әулетіміздің ортақ кәсібі. Әрқайсымыз өз үлесімізді қосамыз. Мал шаруашылығы күннің ыстығы мен суығына, уақытпен санаспайтын еңбекке төзімділікті талап етеді. Дегенмен маңдай термен келген несібе қашанда берекелі. Бүгінгі жастардың ауылға бет бұрып, кәсіп бастап, өз ісін ашқанын қалаймыз. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларды тиімді пайдаланып, еңбек етемін деген адамға мүмкіндік жеткілікті, – дейді кәсіпкер.

Қожалықта өндірілген ет пен қымыз Талдықорғандағы шаруа қожалығына тиесілі үш сауда дүкені арқылы халыққа жол тартады. Өнімнің табиғилығы мен сапасына сенім артқан тұтынушылар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді.

«Матаев» шаруа қожалығы – елдің ырысын еселеп отырған берекелі шаңырақтың бірі. Осындай еңбек адамдары көбейген сайын ауыл, ел экономикасы қарқынды дамитыны анық. Себебі адал еңбек – бақ-берекенің бастауы, ал сапалы өнім – тұтынушы сенімінің кепілі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Сәскеде саумал, бесінде қымыз сапырған

Сәскеде саумал, бесінде қымыз сапырған

04.08.2026
Шегесіз салынған ғимарат

Шегесіз салынған ғимарат

04.08.2026
«Күзгі бұралаң жол»

«Күзгі бұралаң жол»

04.08.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Заң үстемдігінің бастауы

04.08.2026
Махаббат музейі

Махаббат музейі

04.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.