Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ»: ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБА

13 сәуір 2020
САЯСАТ
"ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ": ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБА
WhatsAppTelegramFacebook

Бүкіл әлемді жаулаған қоғам дерті – жемқорлықтың адамзат дамуының тежегішіне айналып отырғаны баршамызға аян. Әрбір мемлекет өзінің дамуына кері әсерін тигізіп отырған бұл дертке қарсы күрес шараларын қолданып отыр.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты” деген екен кезінде Аристотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», –  деген екен ежелгі ойшыл ғалым. Демек, бастауын ерте кезден алған жемқорлықпен күрес  күні бүгінге дейін мемлекет алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі болып отыр.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» – деп, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде әлі де жұмыс жүргізу керектігін айқындап кетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керектігін айта кетіп, әрбір бірінші басшының қоластындағы қызметкерлерімен жемқорлықтың салдары мен алдын алу жолында қарқынды жұмыс жүргізуі керек екендігін айқындап берді. Соған сәйкес қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жоспарға сәйкес техникалық оқу жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, департаменттің әдеп  жөніндегі уәкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қазынашылық органдарына үлкен міндет жүктелді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 қазандағы №732 қаулысымен бекітілген «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» жобасын іске асыру бойынша Жол картасының 11-тармағына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу пилоттық жобасын іске асыру көзделген.

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі – ОМС) пилоттық жобасы шеңберінде республикалық маңызы бар мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған  мемлекеттік сатып алу пилоттық жобасының орталық мемлекеттік орган қатысушылары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, ал республикалық маңызы бар бірыңғай ұйымдастырушының аумақтық бөлімшелері ОМС пилоттық жобасының орталық мемлекеттік орган қатысушыларының аумақтық бөлімшелері үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

Демек, бүгінгі кезеңде қазынашылық органдары төрт министрлікке аталған қызметті көрсетіп отыр. Пилоттық жоба бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық органдары ұйымдастырғандықтан тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қарым-қатынас үзіледі, яғни, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда өзіндік үлесін қосып отыр.

«Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең, мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең», – деп Абай Құнанбаев бекер айтпаса керек. Әр азамат жеке басын тәрбиелей отырып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке алып келетін залалын терең түсінсе ғана осы заманғы індетті ел болып жеңіп шығарымыз хақ.

Т.АЙДАРБЕКОВ,

Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.