Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ПРЕЗИДЕНТ: «ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛСЫН»

3 сәуір 2020
САЯСАТ
ПРЕЗИДЕНТ: "ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР АРНАУЛЫ ЖИЫНДАРҒА ШАҚЫРЫЛСЫН"
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңның 5-бабы, 2-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, жаңа Жарлыққа қол қойды. Толық мәтіні төмендегідей:

1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын.

2.Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары:

1)Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;

2)осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 сәуір.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

* * *

ҮНҚОСУ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫН ҚОЛДАЙМЫЗ

Бүгінгі күннің батырлары Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығын қолдайды. Мен Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы болғандықтан ұрпақтар сабақтастығына сенемін. Батыр бабаларымыздың, аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің, жеңісінің арқасында бүгін тәуелсіз, егеменді, бейбіт елде өмір сүрудеміз.

Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктерін біздің жастар ұмытпайды, оны әрі қарай жалғастырады. «Тәжді індетті» жұқтырып алған дәрігерлер, күні-түні далада жүріп халықты қорғаған полиция қызметкерлері, көмекке зәру болған жандарға бетперде, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасыған еріктілер мен қоғамның белсенді мүшелері — біздің батыр бабаның ұрпағы екеніміздің анық белгісі.

Менің айналамдағы ағаларым, інілерім, жолдасым да әскери борыштарын өтеген, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткендер және бүгін де олар жауапты қызметте.

«Отанды қорғау — ерлердің ісі» деп халқымыз бекер айтпаған. Халқымыз бен отбасымыздың амандығы үшін Жетісудың ер-жігіттерін азаматтық борышын өтеуге шақырамын. Бұл Жетісу жастарының ұлы бастамасы болатынына сенімдімін. Мұны басымызға келген індетті бірігіп жеңуге аналық жол сілтеуім деп біліңіздер.

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Гүлжиян СҮЛЕЙМЕНОВА,

«Құрмет» орденінің иегері,

Алматы облысының Құрметті азаматы,

республикалық «Кәсіпкер» журналының бас директоры

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.