Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БИ АПА БӘЙГЕСІ БЕРІЛДІ

09.04.2023
ЖАНСАРАЙ
БИ АПА БӘЙГЕСІ БЕРІЛДІ

Қасиетті өнерді өмірім деп білген талант-тақсырлары ішінде өзінің әз болмысы, тұнық табиғатымен, көрегендігі һәм ақкөкірек адалдығымен, ерекше дарынымен ел махаббатына кенеліп, жұрт шарапатына бөленген тұлғалар саусақпен санарлық. Сол бірегейлер сапында кино және театр өнерінің өрісін кеңейткен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық әртісі Бикен  Римова да бар. Биыл айтулы тұлғаның туғанына 100 жыл. Осынау мерейтойға орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шара өтіп жатса, күні кеше Талдықорған төрінде театрлар фестивалі алау тұтатқан-ды.

«Бикен Римова – Қазақ сахнасының саңлағы»  атты сол аталмыш фестиваль үш күнге созылды. Шара барысында бекзат өнердің ошағын үрлеп, жалынын маздатып жүрген Жетісу облысындағы «халықтық» атағы бар театрлар мен тұсауы жаңа кесілген жас өнер ұжымдары сынға түсті. Ұлы тұлғаның ұмытуға болмайтын өмір соқпағын, өнерде сомдап кеткен әз бейнесін, «Би апа» деп қадір тұтқан қазақ көрермендерінің махаббаты мен өнер ұжымдарының дауылпазға деген құрметін фестиваль барысында айқын аңғардық.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен дүбірлеген додада аймақтағы 13 театр өнер жарыстырды. Үзеңгі қағыстырды. Елімізге танымал кино актерлері, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының майталмандары Серік Нұрхалық, Кендебай Темірбаев, Сағындық Жұмәділ, Ғалия Темірбаева және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева қазылық еткен аламан жоғары деңгейде өрбіді.

Облыстық филармония ғимаратында өткен марапаттау салтанатында алғашқы болып сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлім Әбсейітова халқымыздың маңдайына біткен асыл апамыздың тарихтағы тұғырын, айшықты ізін атап, саралап өтті. Өз кезегінде дауылпазын дәріптеу өнері озған елдің ғана қолынан келер іс деп толғанды. 

Өнер бәсекесінде, талант тартысында сыналған театр ұжымдарын және жекелей шығармашылық адамдарды марапаттау салтанатында алғашқы болып аталымдар бойынша сыйлық ұсынылды. Атап айтсақ, «Үздік жас актер» аталымын талдықорғандық М. Мақатаев атындағы поэтикалық «Жас актер» театрының өнерпазы Әлібек Данабек, «Үздік сценограф» аталымын талдықорғандық Арайлым Қалмұхамбетова, «Үздік режиссура» аталымын белгілі режиссер Ұлан Ахметов иеленді. Сонымен қатар, «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын «Жас ұлан» жастар театрының актері Бекжан Кәрімов, «Үздік әйел адам бейнесі» аталымын Сарқан аудандық өнерпаздар театрының актрисасы Гауһар Тұралиева еншіледі. Аталған азаматтар 80 мың теңгенің сертификатын қанжығалады.

Өздерінің әсерлі қойылымы арқылы көрерменнің көңіл төрінен орын алған бірқатар театр ынталандыру сыйлығымен және 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Атап айтсақ,  М. Мақатаев атындағы поэтикалық «Жас актер», Қаратал театрлары мен халықтық атағы бар Ақсу, Үшарал, «Қуыршақ» театрлары ынталанды. Ал жарыстың 3-ші тұғырынан жаркенттік Дәнеш Рақышев атындағы халық театры мен талдықорғандық «Жас Ұлан» жастар театры көрініп, 250 мың теңгені еншіледі. Өз кезегінде көксулық Мұқыры халық театры мен Сарқан аудандық өнерпаздар театры ІІ орын иегері деп танылып, 300 мың теңгеге ие болды.

Халық ертегісі «Қаңбақ шалды» сахналап көрерменнің ықыласына бөленген «Smile Aksu» қуыршақ театры мен С. Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмасы арқылы жетісулықтарды тәнті еткен Күреңбел театры І орыннан көрінді. Алғашқы тұғырдан қатар келген қос театрға 400 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, кере қарыс маңдайын керме жібіне алдымен тигізген «Жетісу музыкалық жастар театры» Александр Володинның «Кездесу мен қоштасу. С любимыми не расставайтесь» драмасын сахналап, бас бәйгені еншілеп, 500 мың теңгені қанжығаға бөктерді. 
Марапаттау салтанатында сөз алған әділқазылар алқасының төрағасы, театр және кино актері Серік Нұрхалық:

– Өнер – елге ортақ қазына, жалпыұлттық құндылық. Бүгінгі күні өткеніне салауат айтып, алыптарын ардақтап жатқан елден бақытты мемлекет болмас деп ойлаймыз. Қазақ аспанында өнердің шырағын жағып, театрдың қасиетті сахнасына саналы ғұмырын арнаған, кино өнері арқылы ел анасының кейпін сомдаған Би  апаның құрметіне осылай бәйге арнаудың өзі зор мәртебе. Осындай аламанды жасаған облыстық мәдениет басқармасы мен халық шығармашылық орталығына өнер адамдарының, халықтың атынан алғыс айтқым келеді, – деп тебіренді. 

Салтанатты шара соңында көпшілік көрермен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанынан құрылған «Жетісу музыкалық жастар театрының» үш күндік аламан бәйгесін еншілеген қойылымын тамашалады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025
Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.