ӨРТКЕ ӘКЕЛУІ МҮМКІН: ТЕРЕК МАМЫҒЫН ЖАҚПАҢЫЗДАР!

Уақыты: 22.06.2021
Оқылды: 1088
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жыл сайын терек мамығы ауыр өрттің туындауына себеп болады. Құрылыстар, қоймалар, автокөлік тұрақтары жанында, тұрғын үй  ауласында, орманды талды аумақтарда терек мамығы жиналып, жаңа жауған қардай көз тартатындығы белгілі. Жерде жатқан терек мамығына ерекше назармен  жасөспірім балалар қызығушылықпен қарайды. Бірақ терек мамығының зеңбірек күкірті секілді жыпылықтай жануы кімді де болмасын қызықтыратындығы анық.

Көп жағдайда мамықтың  жоғары жылдамдықпен күйіп, барлық бағытта жанады деп күдіктенбейді. Жыл сайын әлеуметтік желілердегі ойын-сауық пен бейне үшін осы «жазғы қарды» өртейтіндер көптеп кездесуде. Алайда, мұндай  көңілді ойындардың арты  ауыр зардаптарға әкелетіндігін ескермейді.
Терек мамығын жағуға байланысты жазатайым оқиғаларды  болдырмау  және алдын алу үшін Алакөл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірқатар ережелерді еске салады. 
– терек мамығын тұтатпауға және жасөспірімдер мен балалардың оны тұтатумен байланысты кез келген ойындарының жолын кесуге;
– балалардың тентектігі салдарынан өрттің туындау қаупін болдырмау үшін балалармен әңгіме жүргізу;
– темекі шегу кезінде темекі тұқылын сөндіру, қауіпсіз болуы үшін арнайы қоқыс жәшігіне тастау;
– аумақтарды, жолдарды және мамық жиналатын басқа да орындарды күнделікті жинауды, тазалауды, суаруды жүзеге асыру;
– мамықтың көп жиналуы маңында ашық от көздерін пайдаланбауға. 
Естеріңізде болсын!
Терек мамығы өртке  аса қауіпті, оның тұрғын үй аумағында, құрғақ шөптің үстінде, жиектерде, автокөлік тұрақтарында, ескі құрылыстар мен гараждар арасында жиналуы өте қауіпті. Бірнеше секунд ішінде жалын тұрғын үйлерге, аулалық құрылыстарға, адамдар отырған автомобильдерге таралуы мүмкін. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Дер кезінде қауіпсіздік ережесін сақтап, мұқият болыңыздар, терек ұлпасынан болған өрт өте қиын. Сіздің немқұрайды әрекетіңіз алапат өртке әкелуі мүмкін екендігін естен шығармаңыз

Н. Алиев, 
Алакөл ауданы ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты