ЖЕТІСУ ОЛЫСЫНЫҢ 66 ЕЛДІ МЕКЕНІ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Уақыты: 23.02.2023
Оқылды: 1167
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы аумағын газбен қамту мәселесі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып тұр. Осыған орай аудандарды табиғи газға қосу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ Сарқан ауданына арнайы барған сапарында айтылды, 

Былтыр 12 елді мекенде тұратын 28 мың адам газға қол жеткізген. 

Жоспар бойынша келер жылдың алғашқы 6 айында «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбырының құрылысы басталып, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекені газға қосылмақ.

Оның ішінде Сарқан ауданының 18 ауылы бар. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, мамыр айында мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады.

Фото: ашық дереккөздерден