ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСТЫҢ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

Уақыты: 22.11.2022
Оқылды: 2200
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанның саяси жүйесінің демократизациялануы, өркениетті нарықтық экономика мен құқықтық мемлекетті құру үшін азаматтық қоғамның маңызы зор. Бүгінгі күні жаңа құрылған Жетісу облысының азаматтық қоғамының нәтижелі жұмыс істеуі үшін құрылтайшылар жиналысының шешімімен "Жетісу облысының Азаматтық Альянсы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі құрылды.

Алдағы уақытқа маңызды, нақты мақсат қойып отыр. Азаматтық қоғам мықты болса, мемлекет те мықты болады. Ал азаматтық қоғамның мықты, үлкен деңгейде дамуы үшін азаматтардың өзі белсенді болуы керек. Сондықтан да, облысымыздағы үкіметтік емес сектордың жұмыс сапасын арттыру және дамыту ғана емес, демократиялық үдерістерді дамытуға қолдау көрсету, азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау мақсатында халықпен жұмыс жасауды көздейді.

Көзі ашық, көкірегі ояу 69.44 пайыз Қазақстан азаматттары сайлаудан тыс қалмады және өз таңдауын  мемлекет басшысына сенім білдіріп, сайлаушылардың басым бөлігі 81,31 пайыз Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. Өңір бойынша Жетісу облысының белсенділігі көңілге үміт әкеледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», - деген болатын.

Президенттің бұл сөзінен халық пен атқарушы биліктің ортақ мүдде орайында ықпалдасуының, қоғамдағы белсенділігі жоғары адамдардың заң шеңберінде бірлескен іс-қимылының маңыздылығы деп ұғып, жаңа құрылған Жетісу Азаматтық Альянсының мақсаты жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасты жоғары деңгейге жеткізу,  бұрынғы тактиканы (сенімсіздік, естімейтін билік) өзгертіп араға бірлік пен ынтымақты орната отыра Жаңа Қазақстанды бірге құру.

Дания ҚЫДЫРБАЕВА,

«Жетісу облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті