Жетісу облысында "Алиназ" балабақшасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Уақыты: 29.12.2023
Оқылды: 899
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Балабақша – өскелең ұрпақпен кәсіби педагогикалық жұмыс жүретін алғашқы қоғамдық-мемлекеттік нысан. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері – әр баланың денсаулығын, эмоционал жағдайын және интеллектуал дамуын қамтамасыз ету болмақ, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жеке кәсіпкер Есімова Ұлтуар Темірғалиқызының мектепке дейінгі білім беруде үлкен тәжірибесі бар. Өз біліктілігіне сенгендіктен Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында «Алиназ» балабақшасын ашуға шешім қабылдады.

Ол ойын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» алған несиесіне жалпы ауданы 200 шаршы метрден асатын ғимарат сатып алынып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Қор несиені ішінара субсидиялап, кепілдік берді.

Балабақша барлық қажетті жабдықтармен, жиһазбен және балалар алаңымен жабдықталған, онда осы салада үлкен тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді.

Дереккөз: damu.kz