ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛАДЫ

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 298
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қаладағы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес тәулік ішінде +8 *С тан жоғары болуына байланысты, ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілері жазғы схема бойынша жұмыс режиміне көшеді, - деп хабарлады Талдықорған қаласының әкімдігі. 


Осылайша, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы аяқталады. Жазғы режимге көшу жұмыстары барысында 8 және 10 сәуір аралықтарында, ыстық сумен жабдықтау желісі өшіріледі.

 

Фото: qamshy.kz