ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 11.04.2024
Оқылды: 218
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жұмыс іздеген, істегісі келген жандарға бір мүмкіндік. Жалпы 11 оқыту орындарындағы түрлі мамандықтың бірін 3 айдың ішінде меңгеріп шығуға болады.


Бұдан бөлек, үміткерлерге шәкіртақы төленеді. Оқуын тәмамдағаннан кейін түлектерге куәлік немесе сертификат табысталып, орталық оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған шеңберінде» жүргізіліп жатқан бұл курс жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтуылуына үлкен мүмкіндік екенін айта кеткен жөн.

Бұл жолғы кезең бойынша 250 маманды оқыту жоспарланған. Бүгінге дейін 155 үміткерден өтініш түсті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"