ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 397
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы азаматтар арасында кең қолдауға ие болды. Аталмыш шара Көксу ауданында да жүйелі ұйымдастырылды. 


Аудан әкімі Дәулет Халеловтың бастамасымен өткен «Таза өлке» акциясына аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері, жалынды жастар бірауыздан атсалысты. Көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 5 мың адам қатысып, 2 мың 300 түп жеміс ағаштары егілді. Экологиялық акцияға жалпы 20 техника жұмылдырылып, 90 шақырым арық жүйелері тазаланып, 320 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Аудан бойынша тазалық науқаны әр апта сайын түрлі тақырыпта іске асатын болады. Алдағы уақытта «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» акцияларымен жалғасын табады. 

Аружан ЖАҚЫП, 
Көксу ауданы әкімінің 
баспасөз хатшысы