ЕСКЕЛДІЛІКТЕР ДЕ БЕЛСЕНДІ

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 384
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Ауласына қарап азаматын таны» дегенді Ескелді ауданының тұрғындары қашанда қаперде ұстайды. Себебі, өңірде басталған «Таза өлке» акциясына аудандағылар белсенді атсалысуда. Алғашқы күннен-ақ  мұндағы ағайын 15 гектар аумақты күл-қоқыстан тазартып, 240 текшеметр қоқыс шығарған.


Бірінші сенбілікке тұрғындарды аудан әкімі Елдос Ахметов бастап шықты. Сол күні шараға 110 мекемеден 5400 адам атсалысып, 23 техника жұмылдырылды. Сенбілікке қатысушылар Төретоған өзенінің арнасы мен 13 шақырым арық желілерін тұрмыстық күл-қоқыстан тазартты. Одан өзге, аудан көлеміндегі 23 шақырымға созылатын жергілікті және облыстық маңыздағы автомобиль жолдарынан қалдықтарды жинап, ағаштарды ақтап шықты. Әрине, шараға үн қосушылар жасыл желек егуді де ұмытпады. Ескі ағаштарды кесіп, аудандағы тазалықты қалыптастырды. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, тұрғындардың Президент бастамасымен қолға алынған «Таза өлке» акциясына қатысу белсенділігі 2 ай бойы төмендемейді. 

ӨЗ ТІЛШІМІЗ