ЭЛЕКТРОМОБИЛЬДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 428
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан аумағында 10 мыңға жуық электромобиль тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


«Қазіргі кезде елімізде 9639 электромобиль тіркелген. 2024 жылдың басынан бастап 993 электромобиль мемлекеттік тіркеуге қойылған», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, әлемде жыл сайын электрокарға сұраныс артып жатыр. 2023 жылы электромобиль әлемдегі ең көп сатылған көлік болды. Қазақстанда да бұл көлікті таңдайтындар көбейіп келеді. Оған статистика дәлел – былтыр электромобильдер 10,4 есе артты.

2022 жылы елімізде небәрі 570 электромобиль болған. 

Сарапшылардың пікірінше, электромобильдердің күрт артуына қазақстандықтарға көліктің экологиялық таза түріне көшуі үшін мемлекет беретін квота себеп болды. Өйткені электромобильдің атмосфераға зияны жоқ. Сондықтан мемлекет оны сатып алғанда кеден және салық төлемдерінен босататын квота берді. Міне, осыдан кейін сатып алушылар көбейді.

Фото: ru.sputnik.kz/