"АЙЛЫҒЫ - 87 МЫҢ": ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДА 672 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Уақыты: 05.10.2020
Оқылды: 1259
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 55 жоба жүзеге асырылып, 4113 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ашылған жаңа тұрақты жұмыс орны – 1834. Оның ішінде, сауда саласында – 16, өнеркәсіп  саласында – 10, қызмет көрсету саласында – 949, құрылыс саласында – 673, білім беру саласында – 10.

Аудан бойынша атқарылып жатқан жобаның 29-ы әлеуметтік-мәдени нысан санатына жатады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан 3, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілері бойынша 14, елді мекендерді абаттандыруға байланысты 9 жоба жұмысы жүйелі атқарылуда.

Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 1047 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде, 523-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданатын жұмыссыз адамдар. Бүгінгі күнде жүзеге асырылып жатқан жобаларда жергілікті халықтан 672 адам нәтижелі жұмыс істеуде. Оның ішінде 479-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданған азаматтар. Олардың орташа айлық жалақысы 87 275 теңгені құрайды.

Нұрбол ҚАНАҒАТҰЛЫ,

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Алматы облысы