ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ЖЫЛДАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЗАМАНАУИ ӘКІМДІК АШЫЛДЫ

Уақыты: 07.10.2020
Оқылды: 1068
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен әр ауданда сервистік әкімдіктер ашылуда. Халыққа тиімді әрі жылдам қызмет көрсететін кезекті әкімдік Ескелді ауданының орталығында жұмысын бастады.

Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік ғимаратта 5 бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта 7 маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді.

Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев арнайы келді. Ол өз сөзінде мұндай әкімдіктер Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті.

Алматы облысында осындай 13 сервистік әкімдік ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін тағы 7-уін ашу жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"