Талдықорғанда «ВIKEN» І Халықаралық фестивалі басталды

Уақыты: 29.09.2023
Оқылды: 995
Бөлім: РУХАНИЯТ

Дәл қазір Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында ғылыми конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Өнермен өрілген өмір" атты республикалық-танымдық конференцияға танымал өнер майталмандарымен қатар, Жетісу облысы әкімнің орынбасары Рустам Әли қатысуда.

Оқи отырыңыз: БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ТЕАТРҒА АВТОБУС ТАРТУ ЕТТІ

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған жиында сөз алған Рустам Әли оның бірегей өнер иес екенін айтып, "шығармашылық шыңы кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра", - деп атады.

Ал, Қазақ КСР Халық артисі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов әріптесі жайлы: "Ұлы акриса. Сахнада еш өтірік айтқан емес. Бикен апайлар шыққанда сахна толатын. Әр сөзі, әр қимылы бір тарих. Өмірде де сахнада да үлгі", - деді.

Редакциядан: алдағы уақытта ақпарат толықтырылады.

Ұқсас тақырып: «BIKEN» ФЕСТИВАЛІ ШЫМЫЛДЫҒЫН АШАДЫ