"БОЛАШАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 14.02.2024
Оқылды: 445
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.


«Қазір алдағы үш жылға арналған «Болашақтың» жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Биылғы наурыз айында республикалық комиссияның отырысына шығарып, одан кейін таныстыруды жоспарлап отырмыз», — деді Саясат Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министр жаңа стратегияда маңызды мәселелер ескерілгенін айтты.

«Сонымен қатар іріктеу жұмыстарын күшейтеміз. Мәселен, тағылымдамадан өту үшін енді ғылыми мақалаға қатысты талаптар қойылады. Ғалымдар жұмыс істеп тұрған зертханаларға жіберіледі. Олар жыл сайын елге оралған кезде ғылыми жобаларын өндіріске енгізу туралы есеп беруі тиіс», - деді министр.