ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ. БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ТІЛЕУҚАБЫЛ МЫҢЖАСАР ПІКІР БІЛДІРДІ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 1521
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кезектен тыс Президент сайлауының нақты күні белгілі болды. Аса маңызды саяси науқан 20 қарашада өтеді. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тиісті Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқына Үндеу де жариялады.

Онда Президент алдағы сайлаудың тәртібіне тоқталып, Мемлекет басшысы ретінде заңға сәйкес әділ өтуіне кепілдік берді. Кезектен тыс Президент сайлауы қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан геосаяси күрделі ахуал заманында, әрине, жақсы септігін тигізеді деп сенемін. Себебі, президенттік өкілеттілікті қайтадан созып алғаннан кейін орнына заңды түрде Президент отырғаннан соң алдағы болатын ел дамуы жолында экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларды арттыруға сайлаудың ықпалы зор болмақ.

Сондықтан, қазіргі көршілеріміздің саяси жағдайларына байланысты Президенттік сайлаудың мерзімінен бұрын болуын құптаймын. Себебі, Президент көп реформаларды жаңадан бастауда. Сонымен бірге, жаңашыл бағдарламалар енгізіп жатыр. Енді оның жүзеге асырылуына уақыт керек және оған бәріміз атсалысуымыз қажет. Сол себепті мен қолдау танытып, сайлауға барып, өз таңдауымды жасаймын.

Тілеуқабыл МЫҢЖАСАР,

Алматы облысының Құрметті азаматы