ЖАРКЕНТТЕ 100 ЖАСТАҒЫ АПА ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 709
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жаркентте ең алғашқылардың бірі болып қала тұрғыны, 100 жастағы апа Зейнелхан Оспанова дауыс берді. Он екі құрсақ көтерген "Алтын алқа" иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді әрі ең алғашқылардың бірі болып қатысып келе жатқанын айтады.

«Жаңа Қазақстанды құрамыз деп жатырмыз. Оны Үкімет емес, біз бәріміз құруымыз керек. Ешкім қалмай, өз дауысын берсе, ат салысқаны сол. Еліміз аман болсын. Бала-шағамыз аман, Қазақстанымыз көркейе берсін», - деген кейуанаға №739 сайлау учаскесі дәстүр бойынша алғашқылардың бірі болып дауыс берген апаға естелік сыйлық табыстап, құрмет көрсетті.

Жалпы, Панфилов ауданы бойынша 74 сайлау учаскесі болса, 85 мыңға жуық тұрғын дауыс берушілер санатында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"