КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БАҚЫЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНДА - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 659
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде Президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелеріне таңғы сағат 7:00-ден келіп жатқандар өте көп.

Астана, Алматы, Шымкент және басқа да аймақтарда 8150 сайлау учаскесі сағ 7.00-ден жұмысын бастады. Өңірлік комиссиялардың шешімі бойынша, еліміздегі 86 учаскеде сайлаушылар таңғы сағат 6-дан бастап дауыс беруде.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау өңірлеріне қарасты 1883 сайлау учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 8.00-ден бері өтуде.

Жалпы алғанда, Қазақстанда 10 101 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 68 учаске - әлемнің 53 мемлекетінде. Ондағы дауыс беру  жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден басталуға тиіс.

Қазақстандағы сайлау барысын ТМД елдерінен 170-тен астам бақылаушы назарда ұстайды. Достастық мемлекеттерінің бақылаушылары елімізде 27 қазаннан бері жұмыс істеуде. Оның құрамында парламент, орталық сайлау учаскелерінің жетекшілері, қоғам қайраткерлері, атқару комитеті және Ассамблея өкілдері бар.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ