САҒАБҮЙЕН АУЫЛЫНДА ТҰРАТЫН ҚАРТ АНА ҮЙІНДЕ ОТЫРЫП ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1464
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылындағы 15 және 16- сайлау учаскесінде 1235 сайлаушы бар.  

Сағат 10-ға дейін сайлаушылардың 20 пайызы дауыс берді.

Ауыл тұрғыны, қызылша звено жетекшісі, 8 баланың анасы 85 жастағы Жарылқасын Орманбекова үйінде дауыс берді. Ол бала-шағаның амандығы мен бейбіт өмірі үшін өз таңдауын жасады. Апа ұрпағым аман болсын деген батасын берді. Сағабүйендегі 15 участокте  Қазақстанның өсу- өркендеу жылдарына арналған кітап көрмесі қойылыпты. Келушілер рухани бай мұраны тамашалап, бір-бірін атаулы күнмен құттықтап жатты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"