ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА САЯСИ ШАРАНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 705
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Алматы облысының бас шаһарында өткен автошеруді кәсіпкер Мұрат Сіргебаев ұйымдастырды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы құрметіне орайластырылған автошеруге «Тұлпар» ретро-салонының автокөліктері шықты. Шеруге 10 автокөлік қатысты. Елімізде тыныштық болсын! Халқымызға бар жақсылықты тілеймін!» – деді Мұрат Сіргебаев.

Автошеру бағыты облыс орталығындағы сайлау учаскелері орналасқан жердің барлығын қамтыды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"