ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ҮЛКЕН МОНШАНЫҢ БІРІ ОТҚА ОРАНДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 08.12.2022
Оқылды: 1812
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қонаев қаласында үлкен моншаның бірі отқа оранды.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 желтоқсанға қараған түні сағат 1:31-де Қонаев-Алматы тас жолының бойында орналасқан "Макао" ойынханасы аумағында моншадан өрт шықты. Өрттің жалпы аумағы 276 шаршы метрді шарпыған.

Монша ағаштан жасалған. Қызыл жалын 02.52-де ауыздықталып, 04.50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда моншаның не себепті өртенгені зерттеліп жатыр.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"