Жайық өзенінің деңгейі 10 сантиметрге өсті

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 210
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 сантиметрге өсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Онда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізіліп жатыр.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев айтып өткендей, бүгінгі таңда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, оған 217 арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған.

Бүгінде халық пен малды эвакуациялау пункттерінің мекенжайлары анықталды. Жақын арада гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің орны белгіленеді, - деді Қайрат Нұрлыбаев.

Фото: видеодан алынған кадр