ЭСТРАДА ӘНШІЛЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТЛЫҒЫНДА

Уақыты: 03.09.2018
Оқылды: 1904
Бөлім: КҮНДЕРЕК

   Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушілеріне бүгін қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттік қызметтерді көрсетті. Азаматтарға арналған үкімет бір күнге Қыдырәлі Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзімбек Байлинды «жұмысқа қабылдады». Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды беріп отырды.

 

   «Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні» атты іс-шара, халықты цифрлық сауаттылыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өтті. Қызметалушылар өз кумирлерінің қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олармен суретке түсу мүмкіндігін де жіберіп алмады.
            Мысалы, Алматы облысының Қарасай ауданында Қаскелең қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында талон үлестіріп, дайын құжаттарды беріп елге қызмет көрсеткен Марат Омаров: "ХҚО қызметкерлерімен менің жұмысым ұқсас. Екеумізде халыққа қызмет көрсету жолындамыз. Сол үшін бүгінгі күн маған қиын болмады. Бірақ келушілер легі көп болғандықтан сабырлылық, жылдамық керек екен", - деді әнші.
            Белгілі «Алаш Ұлы» тобының мүшесі Әзімбек Байлин анықтама секторында тұрып өзін кеңесші рөлінде сынап көрді.  "Мен үшін бұл бір жаңа тәжірибе болды.  Кеңесші болған екі сағат ішінде мен шынайы стрестік жағдайда болдым және ХҚО қызметкері жұмысының қаншалықты ауыр екендігін түсіндім. Мұнда тек білікті маман болып дұрыс кеңес беру аздық етеді екен, себебі келушілер әртүрлі, олардың түрлі мәселелері мен түрлі көңіл күйлері маманннан қарым қатынас жасаудың жоғары біліктілігін талап ететіндігін" - атап айтты.
            Азаматтарға арналған үкіметтің 314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмет етеді. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан  кешкі 8-ге дейін талмай еңбек етіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар.  Бүгінде ХҚО арқылы 600-ден астам мемлекеттік қызмет алуға болады. Бір жылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі
тел.: 8
7075751171