ЕЛБАСЫ: "ҚАЗАҚТАРДЫҢ БӘРІ ПОЛИЦЕЙ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ"

Уақыты: 05.10.2018
Оқылды: 957
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Жолдауын жариялап жатқанына бір жарым сағат өтті. Жолдауда Президент Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты орнынан тұрғызып, полицияларды жұмысқа алу тәртібін қайта өзгертуді тапсырды.

"Қазақтар құрып кеткенде полиция болғысы келеді. Ауылдан келіп, полиция болғысы келетін адамдарды аласыңдар да қызметке қоя саласыңдар. Ондай адамдар өзі үшін жұмыс істейді. Бізге халық үшін жұмыс істейтін полицей керек", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сөз арасында Елбасы Батыс Еуропаның мысалын алға тартты. Еуропада полицей кәсіби маман болып шығуы үшін небәрі алты ай мерзім ғана оқиды. Ал бізде олай емес. Жолдауда Президент полицейлерді жұмысқа алар кезде талапты күшейтіп, еуропалықтардан немесе әлемдегі өзге мемлекеттерден үлгі алуды, сонымен бірге, министрлікке аттестациядан өту жұмыстарын жалғастыра беруді, қайта пысықтауды жүктеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"