"Дефолт болуы мүмкін": АҚШ экономикасына қатысты таңқаларлық ақпарат тарады

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 927
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Доллар күн сайын өз құнын әлсірете бастады. Бұның себебі АҚШ-тың қарызының шектен тыс көбейіп бара жатқанына байланысты болуы мүмкін. Тіпті елде Дефолт болуы мүмкін  дейді сарапшылар. 

Inbusiness.kz дерегінше, бір апта ішінде АҚШ өз қарызына қатысты ауыр проблемасын шешпесе, дефолт болуы мүмкін. Оның мемлекеттік борышы адам сенбес 31,4 трлн долларға жуықтаған.

Былтырдан бері жаһандық басты валютаның қазақстандық теңгеге шаққандағы құны тоқтаусыз құлдырап келеді. Өткен жылы АҚШ доллары 2022 жылғы 18 шілдеде шырқау шегіне жетіп, 486 теңгеге бағаланды. Содан кейін тек асқарынан төменге құлдилауда. Биылғы жылды 462 теңге бағамымен бастады.

Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген Валюталардың күн сайынғы ресми (нарықтық) бағамдарына сәйкес, бүгін, 25 мамырда 1 доллар 444,4 теңге ғана тұрады. Демек, 300 теңге аймағына қарай төмендеуге шамалы қалғандай.

Ресей басылымдарында да мұндай ақпарат тарай бастаған. Ал батыс сарапшылары жағдай соншалық қорқынышты емесін айтса да, экономикалық қауіптің барын жоққа шығара алмай отыр.

Толығырақ оқыңыз: 1 маусымда Америка мен доллар күйрей ме?

 

Фото: REUTERS