БАНК САЛЫМШЫЛАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙАҚЫ ТҮСТІ

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 422
Бөлім: ЭКОНОМИКА

"Отбасы банкінде" тұрғын үй депозитін ашып, қажетті шарттарды орындаған салымшыларға мемлекеттік сыйақы түсті, деп хабарлайды 7su.kz желілік баслымы.


Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйақы төленеді. Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Сіздің жинаған қаражатыңыз бұл сомадан аз болса да, сол жинақтың 20%-ы шотыңызға түседі.  

Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары былтырғы 29 желтоқсанға дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс еді.

2022 жыл үшін тұрғын үй депозиті иелері 122 520 теңгеден сыйақы алған болатын.