ЕГІС КӨЛЕМІ КӨБЕЙЕДІ

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 239
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Несібесін қара жерден іздеген шаруаның қысқы ұзақмерзімді демалыстан кейін көктемгі дала жұмысына бел шеше кірісетін уақыты келді. Көктемнің әрбір күнін тиімді пайдаланатын диқандар қауымы дәнін дайындап, жерін жыртып, дала дүбірін қыздырып, жауапты әрі маңызды науқанға білек сыбана кірісті. Сарқан ауданында егістік көлемі  де артып келеді. 


Жауапкершілік үдесінен шығып келе жатқан «Аслан» шаруа қожалығының негізі 2002 жылы қаланған. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 109 гектар. Осы алқаптың 104 гектары егістік, 42 гектары суармалы, 62 гектары тәлімді жер болса, 94 гектары жайылымға арналған. Қожалық 2023 жылы 62 гектарға арпа, 29 гектарға жүгері, 13 гектарға тәтті түбір егіп, еңбектің жемісін жеген болатын. Ал биыл 60 гектарға соя, 62 гектарға арпа егіп, күтіп-баптап, қара жердің қайтарымын көруді мақсат етіп отыр.

Дала төсін дүрілдетіп, тракторды тізгіндеген Сарқан қаласының тұрғыны, механизатор Виталий Асылхановтың аталмыш шаруашылықта жұмыс істеп жүргеніне 15 жыл. Осы уақыт аралығында шаруашылықтың суығына тоңып, ыстығына күйген. Бел жазбай еңбек ететін жұмысына алатын еңбекақысы да көңілінен шығады. 

Көктемгі егістік жұмыстары алдағы уақытта да қарқын ала түспек. Ендігі міндет – берілген мүмкіндікті толық пайдалана отырып, ұйымшылдықпен еңбек ету. Өйткені, көктемнің әр күні жылға азық. 

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы