ҚОРА ТӨЛГЕ ТОЛДЫ

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 247
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Мал шаруашылығын кәсіпке айналдырған Көксу ауданында 43 мың 733 бас ірі қара, 22 мың 808 бас жылқы және 181 мың 615 бас қой-ешкі бар.


Көктемнің жаймашуақ мезгіліндегі мал төлдету науқанында 4615 бұзау, 63 торай, 22145 қозы, 2335 лақ, 270 құлын, 3 бота қораны толтырды. Мал төлдету жұмысына әр шаруашылық жан-жақты дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Мал төлдейтін орындарға жемшөп жеткізіліп, қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтылды. Аудан бойынша мал төлдету жұмысын ойдағыдай өткізуге 171 сақпаншы атсалысуда. Төл басын көбейту мақсатында 70 жылы қора, 77 ветеринарлық дәрі-дәрмек қобдишасы да әзірленді.

«Мал баққанға бітеді» деген аталарымыз. Сол айтқандай, еселі еңбек, төккен тердің арқасында аталған ауданда мал төлдету науқаны жақсы нәтижемен аяқталар күн жақын.

Еңлік БАУЫРЖАНҚЫЗЫ 
Көксу ауданы