ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Уақыты: 19.04.2024
Оқылды: 286
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Талдықорған қаласының Ернат Дүйсенбекұлы 8,9 шағын аудандарына барып, құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру, жол құрылысы және тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталып жатқан жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.


Бұдан бөлек, қала басшысы ірге тасы қаланып бастаған теннис орталығының құрылыс жұмысымен танысты.

Сапаны бірінші кезекке қойған шаһар басшысы құрылыс нысанын аралау кезінде бірқатар кемшіліктерге назар аударып, уақытылы жоюды тапсырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"