ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІР РЕТТІК ЖАЯЛЫҚТАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛҒЫЗ ӨНДІРУШІСІ

Уақыты: 20.05.2024
Оқылды: 301
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылында «CAPABLE GROUP» кәсіпорыны бар. Ол елімізде балаларға арналған бір реттік жаялықтардың алғашқы және жалғыз өндірушісі. «CAPABLE GROUP» компанияға инвестициялық жобаны іске асыру үшін белгілі бір преференциялар мен жеңілдіктер беретін арнайы инвестициялық келісімшарт (СИК) бойынша жұмыс істейді. Осы Келісімшарт бойынша кәсіпорын салықтардан, кедендік баждардан және басқа да міндетті төлемдерден босатылады.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 100-ден астам жұмыс орны ашылған, ал қызметкерлердің 60% - дан астамы мүмкіндігі шектеулі жандар.

Кәсіпорын отандық және шетелдік тұтынушыларға итальяндық жабдықта Жапондық технология мен еуропалық стандарттар бойынша қазақстандық өндірістің сапалы өнімін ұсынуда.

Кәсіпорында өнімнің осы түріне қажетті сертификаттардың толық пакеті бар.

Қазіргі уақытта CAPABLE GROUP - та 3 желі жұмыс жасап тұр. Гигиеналық өнімдердің өндірістік желілері жылдамдығы және қуатымен ерекшеленеді. Екі желі минутына 250-500 дана шығаруға мүмкіндік береді. Үшінші жаңа желі минутына 800 дана шығарады!

Компанияда денсаулық сақтау өнімдерінің барлық санаттары үшін озық сынақ құралдарымен, көпфункционалды физика-химиялық зертханалармен және тұрақты температура мен ылғалдылық зертханаларымен жабдықталған жоғары сапалы кәсіби ғылыми-зерттеу тобы бар.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі