ЕГІС АЛҚАБЫН АРАЛАДЫ

Уақыты: 29.07.2018
Оқылды: 1194
Бөлім: ЭКОНОМИКА

   Сарқан ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар МҰСАХАНОВ және Төлеубек МҰҚАШЕВ арнайы іссапармен келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.

 

   Жергілікті жердің тыныс-тіршілігімен танысқан Аңсар Тұрсынханұлы мен Төлеубек Төлеуұлы жұртшылықпен жүздесіп,  елдің мұң-мұқтажына құлақ түрді. Сапар барысында жоғарғы палата депутаттары ауданның  егістік алқаптарын аралап, Елбасының тапсырмасы – қант қызылшасын өсіріп-өндіру барысын қадағалады. Сондай-ақ, ауданымыздағы ең ірі мекемелердің бірі «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кездесіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің орындалу барысына тоқталып,  іске асырылып жатқан бағдарламаларды түсіндірді. 
Халық қалаулыларымен кездесуде елдің ертеңі жайында сауал қойған сайлаушылардың сұрақтарына тиісті жауап берілді.

Жомарт ИГІМАН
Сарқан ауданы