Көгілдір отынға көшіңіз

Уақыты: 13.09.2018
Оқылды: 974
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Талдықорған қаласында екі шағынауданға газ берілді. Жыл басынан бері шаһарда мың шақты тұрғын үй газға қосылды. Ал өткен тамыз айында 255 шаңырақ көгілдір отынның қызығын көрді. 

Газ берілген Қаратал мөлтекауданы мен қаланың оңтүстік-шығыс аймағында тұратын 4477 үй бүгінде газға қосыла алады. Ол үшін Талдықорғандағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалына барып, өтініш беруі тиіс. Филиал директоры Жайық Әлішевтің пікірінше алдағы уақытта газға өтініш білдірушілер саны салыстырмалы түрде артады. Қосылу құны орта есеппен 90 мың теңге. Кепілдік те бар. Алғашқы жарнасы – 30 мың теңге. Бастапқы бағасын төлеп, алты айға дейін кепіл бойынша қаражатты өтеуге болады. Мәселен, Абылай хан, Ғабдол Сланов, Желтоқсан, Ілияс Жансүгіров, Абай және Гауһар ана көшелерінің бойында орналасқан үйлердің газға қосылуға толық мүмкіндігі бар. Келесі кезекте шаһардың орталықтарын газға қосу жоспарланған.

Серік ҚАНТАЙ