ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТЕ ШЕШІЛМЕГЕН ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ БАР? ҚАРАҚАТ ӘБДЕНМЕН ЖҮЗДЕСУ

Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 1002
Бөлім: САЯСАТ

Президенттіктен үміткер Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» атты тігін фабрикасының еңбек ұжымымен танысып, жеңіл өнеркәсіп өкілдерін толғандырған мәселелерді талқылады.

Тігін фабрикасының ұжымы кандидат ұсынған әйел-аналарды, көпбалалы отбасыларды қолдау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты шараларға баса мән беріп, өздері алаңдайтын мәселелердің шешімін сұрады. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан ЕҚЫҰ байқаушылар миссиясының өкілдері Кристофер Маккалоу мен Кристина Богданова үгіт-насихат науқанының нәтижесімен, Қарақат Әбденнің сайлауалды штабтарының жұмысымен танысты.

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбден еліміздің 8 облысында 30-дан астам кездесу өткізді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"