ЗАҢ ҚУАТТЫ БОЛМАСА, ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ МҮМКІН ЕМЕС - МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН

Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 1038
Бөлім: САЯСАТ

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында білім беру кәсіподақтарының мүшелері – мұғалімдермен кездесті.

Бұл туралы хабарлаған кандидат штабының мәліметіне қарағанда, мұғалімдерге өзінің сайлауалды бағдарламасында қамтылған тақырыптарды түсіндірген Мейрам Қажыкен кездесуде тұрғын үй, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау, әлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақтарды дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Бұдан соң Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен «дөңгелек үстелге» қатысқан Мейрам Қажыкен құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдеріне, қоғам қайраткерлеріне Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сыбайлас жемқорлықтың кері әсерін, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің халықаралық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы әлемдегі 180 елдің ішінде 102-орынды иеленгенін талқылады. Сондай-ақ, парақорлықтың, пара берудің, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдалануды болдырмау жөніндегі мәселелер ортаға салынып, нақты заңдар мен ережелер қуатты болмаса, құқықтық мемлекет құру мүмкін еместігі айтылды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"