Ринат Зайытов қатты айтты (видео)

Уақыты: 04.09.2023
Оқылды: 1615
Бөлім: САЯСАТ

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов «Qasqa Jol» Youtube арнасына берген сұхбатында Президент тапсырмаларының орындалуы туралы айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Депутаттың айтуынша, өкінішке қарай Президент Жолдауындағы тапсырмалар толық орындалып жатқан жоқ.

Толық орындалып жатыр деп, өтірік айтуға болмайды. Керісінше, қазір Президенттің тапсырмалары ары кетсе, 30-40 % ғана орындалуға енді ғана жақындап жатыр. Бұл өте үлкен өкініш. Президент алғашқы Жолдауында да, осы жолғы Жолдауында да көп жақсы бағыт-бағдар, мақсаттар қойды. Керемет бастамаларды айтады. Ал орындалуына келген кезде... Астанадан тапсырмалар беріледі, ол өңірлерге барған мүлдем өзгеріп кетеді. Облыстарда өздерінің "қожайын" сымақтары бар. Бәрі қалай болса солай. Мемлекеттік қызметтегі жауапты адамдардың жүректеріндеге жанашырлықты байқамаймын. Керісінше, өзгеріс болмаса екен деп отырған адамдар сияқты, істегісі келмейтіндер өте көп, - деді Ринат Зайытов.

Дереккөз: Skifnews.kz