Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 862
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес биылғы жылдың 21 желтоқсанында облыс әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Жиын барасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу іс-шараларын іске асыруға бөлінетін бюджет қаражатын игерудің тиімділігі, сондай-ақ 2023 жылы облыстың терроризмге қарсы комиссия қызметінің нәтижелері және 2024 жылға арналған міндеттер туралы мәселелер қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Жетісу облысы әкімдігі жанындағы  терроризмге қарсы комиссия аппараты

       

Фототілші: Жеңіс Ысқабай