"Көрдіңіз бе? Сол есептеуге сәйкес": Министр балалардың есепшотына неге 100 доллардан ғана түскенін түсіндірді

Уақыты: 01.02.2024
Оқылды: 679
Бөлім: САЯСАТ

«Ұлттық қор – балаларға» жобасына сәйкес 18 жасқа дейінгі қазақстандықтарға 100 доллардан бір реткі аударым түскені белгілі. Соған орай халықтың көкейінде "неге 100 доллардан ғана?" деген сұрақ тұрғаны әлеуметтік желіде жиі байқалуда. Себебі, бұған дейін  аталған бағдарлама бойынша 18 жасқа толғандарға 150-160 доллар түсетіні айтылған. 

Осы ретте 7-su.kz желілік басылымы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Сенат кулуарында берген жауабын ұсынады. 

2022 жылғы 1 қарашада президент (бұл бастаманы) көтеріп, тапсырма берді. Сол кездегі есептеуге сәйкес, еліміздегі балалардың саны 6 млн 400 мың болатын. Бүгінде олардың саны – 6 млн 917 мың. Көрдіңіз бе? Сол есептеуге сәйкес, бүгінде бөлініп жатқан қаражаттың сомасы – 695 млн доллар. Осы соманы 6 млн 919 мың 131 балаға бөлсек, сонда 100 доллар 51 цент шығады, - деді вице-министр.

Фото: көрнекілік үшін қиып алынды