«OCHAQ» БАСЫНА ЖИНАЛДЫ

Уақыты: 13.03.2024
Оқылды: 599
Бөлім: САЯСАТ

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылдық округіндегі Мұқаншы ауылына барды. Елді мекендегі «Ochaq» тұрақты даму орталығының жай күйімен танысып, істеліп жатқан жұмыс бағытынан ақпар алды.

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісін жергілікті әжелер ансамблі қарысы алып, делегация мүшелеріне арнап, әннен шашу шашты. Мұқаншы ауылының тұрғындары қазақ халқының қонақжайлылығын көрсетті.

«Ochaq» тұрақты даму орталығы балаларға ағылшын тілін үйрету үшін америкалық грант бағдарламасымен ашылған. Бұл күні орталыққа 80 бала тіркелген. Олар ағылшын тілінен бөлек мұнда бірнеше мәдени үйірмеге қатысып келеді. Жиында жастар елшімен ағылшын тілінде еркін әңгімелесіп, сұрақтарын қойды.

Шара аясында «Ochaq» тұрақты даму орталығы» ҚБ басшысы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сарқытбек Молдабай АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмге қоғамдық бірлестіктің құрылу тарихымен, ғимараттң құрылысымен және қызметімен таныстырды. Ол 4-Н американдық оқыту бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отырғанын айтып, бұл мәселеде әдістемелік көмек алуға дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, 4-H халықаралық бағдарламасы 1902 жылдан бастап 50-ден астам елде жұмыс істейді және практикалық оқыту арқылы жастардың азаматтық, көшбасшылық, жауапкершілік және өмірлік дағдыларын дамытуды көздейді. Бұл бағдарлама ауылшаруашылық саласымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, саламатты өмір салтын насихаттауға, ғылымды, техниканы және технологияны дамытуға бағытталған.

Жалпы аталған орталықтың негізгі мақсаты ауылдық экологияның, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ, ауыл тұрғындарын тұрақты даму мүддесінде кешенді қолдау.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түісірген Дмитрий Ерофеев