Мәулен Әшімбаев Рим Папасымен кездеседі

Уақыты: 02.04.2024
Оқылды: 519
Бөлім: САЯСАТ

Сыртқы істер министрлігі Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Рим Папасының қабылдауында болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осы жылдың 4-5 сәуірінде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Ватиканға жұмыс сапары жоспарланған.

Ведомствоның хабарлауынша, сапар барысында Рим Папасы Францисктің қабылдауында болады. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев пен Парламент Сенатының төрағасы Игнацио Ла Руссаның кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар Сенат төрағасы "Біздің ортақ үйіміз – сүюді және қамқорлықты қажет ететін илаһи сый"атты дөңгелек үстелге қатысады.

2021 жылғы қарашада Мәулен Әшімбаев Ватиканда Рим Папасымен кездесіп, одан кейін оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға келуге шақырғанын жеткізген еді.

Фото: gov.kz