ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ: МӘҢГІЛІК МАҚТАНЫШ

Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 1386
Бөлім: САЯСАТ

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы абыройы жоғары, беделі биік, жүзі жарқын, сөзі де өтімді. Әлем таныған тұлға қазақ елінің мәңгілік мақтанышы болып қалары сөзсіз.

Қазіргі таңда және болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар. Міне, осындай биік мақсаттар бізді біріктіреді әрі алға жетелейді. Мұны халқымыздың сан ғасыр аңсаған арманының орындалғаны деп білемін. Асқақ арман, айқын міндеттің орындалуына Елбасы Н.Назарбаев кепіл болды және мызғымас мемлекет қана емес, түбірімен жаңарған демократиялық қоғам құрды.

Бүгінде әлемнің озық елдерінің үлгісіне, тәжірибелеріне сүйене отырып, өзіндік жолын таба білген Қазақстан қарыштап даму үстінде. Елбасының жаңа елорданың іргетасын қалап, тәуелсіздігімізді нығайтқан бір ғана ісін үлкен ерлік деп есептеймін. Бастысы, бейбітшілігіміз жалғасын тауып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мың алғыс сізге, Елбасы!

Бақтияр ҚАБАСОВ

Талғар ауданы