АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 01.05.2019
Оқылды: 1411
Бөлім: САЯСАТ

Құрметті жетісулықтар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз, барлық ұлттың баласы, тәуелсіздігімізді нығайту үшін бір шаңырақ астында, бір мақсат, бір мүддеге жұмылып, тату-тәтті тірлік кешіп келеміз. Бейбіт те берекелі ғұмырдың арқасында әлемдік қауымдастық таныған, құрметіне ие болған іргелі елге айналдық. Бұдан былай да тұрақтылық пен келісімді, ұлтаралық және дінаралық бірлікті нығайтуға үлес қосу әрқайсымыздың басты борышымыз болып қала бермек.

Ардақты жерлестер! Алматы облысы - тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған көптеген этнос өкілдері ынтымақпен ғұмыр кешіп жатқан киелі өлке. Біз тату тірлігіміз арқылы ғана биік белестерге, асқар асуларға қол жеткізе аламыз.

Сіздерге осы мерейлі мерекеде мықты денсаулық, толайым табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Амандық БАТАЛОВ,

Алматы облысының әкімі

"Facebook" парақшасынан алынды