Оқи отырыңыз
Қаскелең қаласында барлығы 25 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде, "Алтын ауыл" орта мектебінде орналасқан №343 сайлау учаскесінде барлығы 2622 сайлаушы тіркелген.
Күн жексенбі болғанына қарамастан мұнда келушілердің белсенділігі байқалады. "Сайлаушыларға алдын-ала шақыру қағаздары таратылып берілген. Сондықтан, адасып келген адамдар кездескен жоқ. Сайлау қалыпты жағдайда, азаматтардың өзара түсіністігімен өтуде", - дейді комисия төрайымы Жансая Рашат.
Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Суретті түсірген - автор
Қарасай ауданы